Өмірзақ Шөкеев Созақ ауданының тыныс-тіршілігімен танысты

Oinet.kz 08-11-2021 639

Screenshot_1.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Созақ ауданына жұмыс сапарымен барды. Мақсат — ауданның тыныс-тіршілігімен танысу және «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын саралау. Өңір басшысы Ы.Алтынсарин атындағы мектепте болды. Саманнан салынған ескі мектеп жөндеу жұмысын қажет етеді. Бұл мәселе жөнінде Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатовтың ұсыныс-пікірі тыңдалды. Мектептің құрылыс жұмысына облыстық бюджеттен қолдау керек екені айтылды. Жаңа мектептің құрылысы бойынша тиісті жұмыстар келер жылы басталатын болды. Сонымен қатар осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын бой көтерген Т.Әлімқұлов атындағы ескі мектептің орнына жаңа білім ұясы салынатын болды. 

Облыс әкімінің ауданға жұмыс сапарында жалпы аудан көлемінде білім саласында атқарылып жатқан жұмыстар сөз болып, жоспарлар пысықталды. Саладағы мәселелер талқыланды. 

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев елімізде салынып жатқан 200 мектептің 78-і Түркістан облысына тиесілі екенін айтты. Бұл — бұрын - соңды болмаған жағдай. 2025 жылға қарай өңірде 130 мектеп салу жоспарланған. Бұл өз кезегінде өңірдегі апатты және үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін толық шешуге мүмкіндік береді. Жалпы, облыста бүгінде алты апатты және төрт үш ауысымды мектеп бар. 

Жыл соңына дейін Түркістан облысында 47 мектептің құрылысы аяқталмақ. Оның 17-сі 1 қыркүйекте пайдалануға берілді. Оның ішінде 44 мектеп бюджет, үшеуі жеке инвестиция есебінен салынуда. Облыста қазір 927 орта білім беру ұйымы бар, онда биыл 500 мыңнан астам оқушы білім алуда. 

Screenshot_2.jpg

Созақ ауданында С.Қожанов атындағы мұражайдың құрылысы жүріп жатыр. Жаңа нысан Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ашылады. Тарихи тұлғаны ғана емес, тұтас өңірдің шежіресінен сыр шертетін мұражайдың маңыздылығына тоқталған өңір басшысы арнайы стенд арқылы «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы арқылы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Білім, мәдениет және денсаулық  сақтау салаларындағы жұмысты ширату жөнінде тапсырма берді. 

Сонымен бірге өңір басшысына Жеткіншек елді мекенінде  жер асты суының көктемде көтерілуіне қарсы атқарылған жұмыстар да таныстырылды.

Түлкібас: Аудан аумағындағы 16 елдімекен көшелеріне заманауи жарық шамдары орнатылды
Белгілі депутат: «Мешіт пен шіркеулерді мәдениет үйіне айналдырайық»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу