Шымкент: Ауыл шаруашылығындағы ауқымды істер

Oinet.kz 28-10-2021 470

e3901d60-d95a-4e52-a90f-c8f3193fbb8c.jpg

Мемлекет басшысының халыққа арнаған биылғы жолдауындағы міндетті орындауда Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. 9 айлық есеп бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 31,1 млрд. тг. жетіп, 101,6% артты. 

Ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 99,3 млн. АҚШ долларын құрап,  103,2 пайызға ұлғайды. Бөлшек сауданың көлемі 331,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдан 108,1 пайызға артты. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының негізгі капиталы мен тамақ өнімдерінің негізгі капиталына 4269,2 млн. теңге  инвестиция тартылды. 

Сонымен қатар, 29,3 мың   га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары  егіліп (+1,4 мың га), 85,4 мың тонна өнім жиналды (3,0 мың тн.). Қосымша өнеркәсіптік үлгідегі  9 га жылыжай кешені салынып, жалпы көлемі 204 га жетті («Agro Park kz  ЖШС-5 га, «IGM Corporation» ЖШС- 4 га,).

Мемлекет басшысының айқындаған міндеттерін орындау мақсатында салада   бірқатар негізгі бағыттар айқындалды.

Жоспар бойынша атқарылған жобалардың нәтижесі:

- жалпы өнім көлемі  37 млрд. тг. құрап, еңбек өнімділігі бір жұмысшыға шаққанда 3 млн теңгеге жетеді. 

- 28 инвестициялық жоба іске асырылып, 1500-ге жақын жаңа жұмыс орындары құрылады; 

- 20,0 мың тн бройлер еті қосымша өндіріледі;

- Ірі сауда желілері іске қосылып, сауда базарлары жаңғырып бөлшек сауда көлемі 450,0 млрд. тг. жетеді; 

- Әлеуметтік дүкендер саны ұлғайып, азық-түлік жәрмеңкелерін ұйымдастыру арқылы баға индексі 110% жетеді.

Айта кетейік, биыл салада құны 7,6 млрд.теңгені құрайтын 17 жоба іске қосылып, 248 жаңа жұмыс орыны ашылды.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы


Мақсұт Исахов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Туризм Шымкент экономикасына серпін береді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу