Нигерилық азамат не үшін қазақ қызын алғанын түсіндірді
Нигериялық азаматқа қазақы салт-дәстүрге сай ұзатылып тұрмысқа шыққан құлсарылық Заида мен оның жары Джесси "Астана" арнасының "Айтарым бар" хабарында қонақта болды. Джесси өзінің халқынан ұрыс естіген жары Заида үшін уайымдайтынын жеткізсе, Заида адамдарды нәсілге, ұлтқа қарап бөлмейтінін мәлімдеді.
Заида адамдарды ұлт пен нәсілге бөлмейтінін атап өтті. Сөзіне қарағанда, ата-анасы аса қуанбаса да, өзге ұлтқа тұрмысқа шығуына қарсы болмаған. Ал нигериялық Джесси өз ұлты мен қазақ қыздарының арасында ешқандай айырмашылық байқамағанын айтты.
"Айырмашылық байқалмайды. Салыстырып айтатындай, мен бұрын үйленбеген адаммын. Бірақ Заиданың ұнайтын жері, қаншама пікірдің астында қалса да, өзінің батырлығын көрсетіп отыр.
Бір қорқатыным, болашақта маған бірдеңе болса, біздің балаларымыз қалай болады? Оларды қалай қабылдайды, осылай сынға түсе ме?" – деді Джесси.