Нива көлігінің төбесі «туралып» кетті - жүргізушісі қаза тапты
Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды, деп хабарлайды Oinet.kz.
Жол апаты 30 қыркүйек күні сағат 08:45 шамасында Жамбыл ауданында орын алды.
- Алдын ала анықталғандай, "Нива-2121" автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі Алматы-Бішкек тас жолының 44 шақырымында батыс бағытта бет алып келе жатып, рөлге ие бола алмай, Foton жүк көлігімен соқтығысқан. Одан кейін бар инерциясымен шам бағанын қаға-маға жолдың қарсы бетіне шығып, BMW-525 пен Mitsubishi көлігімен соқтығысқан - деп хабарлады Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.
"Ниваның" жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Жол апатынан BMW көлігінің 22 жастағы жүргізушісі мен 44 жастағы Mitsubishi жолаушысы да зардап шекті.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.