Бақтияр Артаев халықтан кешірім сұрады
Қазақстан бокс федерациясының бапкерлік мәселелер жөніндегі вице-президенті, мемлекеттік жаттықтырушы Бақтияр Артаев боксшылардың Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктері үшін кешірім сұрады.
"Әрине, Токио Олимпиадасында өте сәтсіз болған көрсеткішіміз үшін кешірім сұраймыз. Алдағы уақытта сараптама, жүйелі жұмыс жасалып, келесі Олимпиада ойындарында өзіміздің бұрынғы көрсеткіштерімізге қайта оралып, жоғары нәтиже көрсетеміз деп сендіргім келеді. Қолдауларыңызға көп рахмет. Әрі қарай жүйелі жұмыс жасап, спорттық нәтижелерімізді көтереміз. Ешқандай сұрақ жоқ, рахмет айтқым келеді", - деді Бақтияр Артаев Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті Бас ассамблеясының отырысында.