Түлкібас: Аудан орталығының ішкі көшелері жаңара түсті

Oinet.kz 29-09-2021 773

Screenshot_7.jpg

Аудан орталығы күн санап жаңарып келеді. Бұлай дейтініміз биылдың өзінде аудан орталығындағы тозығы жеткен жалпы ұзындығы 18,3 шақырымды құрайтын 5 көшемен «Жанкент» және «Көкжайлау»(Телевышка) мөлтек ауданының жаңа құрылыс көшелеріне «Ауыл-Ел Бесігі» мемелекттік бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың түнгі уақытта жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында түнгі  жарықтандыру шамдары орнатылуда. 

Аталған көшелерді жөндеу жұмыстары аудан әкімі Н.Байғұттың Майлыкент ауылдық округі тұрғындарының алдындағы соңғы есебінде көтеріліп, арада аз-кем уақыт ішінде шешімін табуда.

Бүгінгі жұмыс күнінің екінші бөлігінде аудан басшысы аталмыш көшелерді аралап, жол құрылысының сапасын бақылады.

Бірінші кезекте 1,2 шақырымды құрайтын Жантұров көшесін аралаған аудан әкімі жауапты мердігер мекеме басшысына асфальт жабындысына қатысты сын-ескертпесін айтып, реттеуді ескертті. Жол бойында орналасқан Майлыкент мектебінің алдын оқушылар ыңғайлылығы үшін толық асфальттауды тапсырды. Айта кетерлік, аудан орталығы тұрғындарының өтінішіне сәйкес, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін аталған көшеге жаңадан аяқ жол(тротуар) түсіп, жолдың ені 4,5 метрден 6-7 метірге кеңейтілді.

Келесі кезекте Нұрлан Мархабатұлы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Қонаев көшесін мердігермен бірге жаяу аралап, бұл жерде де біршама кемшіліктерді реттеуді тапсырды. 

Screenshot_8.jpg

2,3 шақырымды құрайын көшенің ені 5 метірден 7 метрге кеңейтілген. Жаяу жүргіншілердің ыңғайлылығы үшін көшенің аяқ жол(тротуар) түспеген жоғарғы және төменгі бөліктеріне аяқ жол түспек. Бағысбаев көшесімен қиылысқан тұсындағы арықтың үсті кеңейтіліп, жаңа құбыр орнатылмақ.    

Содан соң, аудан басшысы «Көкжайлау» мен «Жанкент» мөлтек ауданындағы жөндеуден өткен көшелерді аралап, сапасын бақылады.

Бүгінгі жұмыс сапарын Нұрлан Мархабатұлы Алатау көшесінен тәмамдады. 6,1 шақырымды құрайтын Алатау көшесінің ағымдағы жөндеу жұмыстары барысын бақылаған Нұрлан Мархабатұлы атқарылып жатқан жұмыстарға төмен баға беріп, жауапты мердігер мекемені сынға алды. Тиісті бөлім басшысына жауапты мердігерге атқарылып жатқан жұмысының сапасыздығы мен мерзімінен кешіктіргені үшін нақты шаралар қолдануға қажетті құжаттарды дайындауды тапсырды.

Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан барлық нысанның сапалы болуын, әрі мерзімінде аяқталуын қатаң бақылауда ұстауды ескертті.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Асхат Аймағамбетов Қостана облысындағы сапары барысын баяндап берді
«Халықты алдап жүргендерге үндеу» - белгілі заңгер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу