Ақтөбенің үш тұрғыны Қазақстанның бас санитария дәрігерін сотқа берді

Oinet.kz 17-09-2021 750

Ақтөбе әкімшілік сотына елдің бас санитария дәрігері Ерлан Қиясовқа қатысты талап арыз түсті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Диапазон"-ға сілтеме жасап.

image.png

Ақтөбенің үш тұрғыны Киясовтың қаулысындағы коронавирусқа қарсы вакцина алмаған қызметкерлерге жұмыс істеуге рұқсат бермеу туралы айтылғанға қарсы. Талапкерлердің айтуынша, санитария дәрігердің бұл талаптары заңсыз.

Ақтөбедегі сот Ерлан Қиясовтың Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтінін ескеріп, ол даулы қаулыны елордада да шығарды, демек, істің өзі сол жерде қаралуы тиіс деп тапты. Сот талап арызды Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына берді.

Қазақстанда фильмдерді мемлекеттік тілге дубляждау міндеттеледі
Соңғы тәулікте 3 081 адамнан коронавирус анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу