Тоқаев пен Путин ауған мәселесін талқылады
Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Oinet.kz.
- Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы сипатында өтетін алдағы жиын-шараларға байланысты ауған проблемалары жан-жақты талқыланды. Екіжақты күн тәртібіне сәйкес, кейбір өзекті мәселелер, соның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы бірлесе күресу мәселелері де қозғалды - делінген Кремльдің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев 16-17 қыркүйекте Душанбеде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Сонымен қатар бірқатар шет мемлекеттердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.