Сұлтанханов сынға ілікті
03-05-2023
Белгілі қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан әр облысқа немесе аудандарға тағайындалатын әкімдер жергілікті болғаны жөн дейді. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.
- Негізі әкімдер нақты мерзімге сайлану керек. Әйтпесе қай мерзімге келгені өзі де білмейді ғой. Не жасап бітіруге үлгереді, не үлгермейді - білмейді. Әкімдердің нақты бағдарламалары болуы керек. Жергілікті халық сол бағдарламаларға сай нақты кандидаттарға дауыс беру керек. Бізде олай емес әрине. Бізде әкімдер сайланбайды - тағайындалады. Сондықтан әкімдер оларды креслоларына отырғызған нақты адамдар үшін жұмыс істейді. Әкім жақсы болса - жергілікті халыққа повезло дейміз) Басқа амалы жоқ қой - әкімнің жұмысына жергілікті халық ешқандай ықпал жасай алмайды. Сол үшін бүгінгі әкімдер жергілікті болса дұрыс деп есептеймін. Онда класстастарының, ауылдастарының алдында моралдік жуапкершілік болады. Қайда кетеді? Алысқа кетпейді ғой. Абыройын сақтап әкімдік жұмысын жақсы атқаруға тырысады. Ал басқа жақтан келген әкім - уақытша ғана келгенін біледі. Временщик болады. Келеді, отырады, кетеді.
Енді кеше орыннан кеткен Серікбай Тұрымов туралы айтқым келеді. Себебі көне Маңғыстау жері мен үшін өте жылы аймақ. Көп достарым бар. Нақты Тұрымов мырзаны Жаңаөзен әкімі болғаннан соң тандым. 2011 жылы қайғы, қасірет оқиға орын алғаннан кейін бұл кісі Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды. Мен Жаңаөзендік емеспін, бірақ мұнайшылар достарым бұл кісіні мақтады. 2011 жылы зардап шеккен мұнайшылардың денсаулықтарын емделуге үлес қосқаны бар. Жергілікті бизнесмендерге тапсырма беріп алаңда жарақат алған жігіттерге Қытайда, Ресейде операция жасатқан екен, кредиттерін жабуға үлес қосқан. Одан басқа 2019 жылы Маңғыстауда 1,5 млн га бос жатқан жайылым жерлерді космомониторинг анықтады. Мен бұл мәселемен Тұрымов мырзаға арнайы бардым 2020 жылы ақпан айында. Әкім мырза бұл мәселені қолға алып екі-үш айдын ішінде 1,5 млн га мемлекеттік меншігіне қайтарып алды. Иесі сол жерді өз еркімен мемлекетке қайтарып берген екен. О кісіге де алғыс айтам. Қайтыс болған екенін естідім, әруағы иманды болсын... Басқасын білмеймін, Маңғыстаулық емеспін. Бірақ өз көзіммен көргенімді айтып отырмын. Дегенмен Тұрымов секілді жергілікті әкімдер елде көп болса аймақтарымыз көгереді деген ой бар - деп жазды Мұхтар Тайжан.