«Мұнда бір шикілік бар» - Ордабасылық завуч ойына келгенін істеуде (видео)
Төребек Сейдуалиев есімді блогер Бадамдық завуч Ұлжан Елмұратоваға қатысты жазба жариялады. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.
- Мұнда бір шикілік бар...? Жыр болған боқтампаз зауышқа неге заңның қауқары жетпейді?
Айтбай Шерімқұловтың мектебінің экс-директорына неге қабылдайсыз, заңсыз қабылдадыңыз деп директорлық лауазымынан алып тастайды. Уақыт өте келе директордың міндетін атқарушы Б. Бекке алдыңғы директордың жұмыстан шығару туралы бұйрығын жойып, қажеттілікке байланысты қайтадан шаруашылық орынбасары лауазымына тағайындауыңыз заңсыз деп Шұға Тұрмахамбетқызы келіп, айтады. Аудандық білім бөлімінің заңгері Маратжан Молдабек бұл-заңға қайшы деп мақұлдайды. Олай болса директордың міндетін атқарушы Б. Бекті заңсыз тағайындағаны үшін қандай шара көрілді? Ұлжан Елмуратоваға қандай шара көрілді? Заңсыздыққа барғандар неге біздің елде жазаланбай, ойына келгенін істеп,жасап жүре береді? Заң кім үшін?
Ал, қазір, мектептің міндетін атқарушы Ержан Мырзабеков мектепке қажетті завхозды неге қабылдамайды? Мектепке жаңа завхоз келеді, бірақ Ержан Мырзабеков тек шаруашылық меңгерушісін ғана іздеп отыр... Ал, еңбек кітапшасы, дипломы жалған Ұ.Елмұратованы неге ресми түрде жұмыстан шығарылғаны жөнінде бұйрық шығарып, ситсен порталына шаруашылық жөніндегі орынбасары керек деп жарияламайды?
Облыстық, аудандық білім бөлімінің басшылары кімнен, неден қорқады?
Бір Елмұратова ойына келгенін істейді, қалған лауазымды тұлғалар соның сытылып шығуына, жазаға тартылмауына ықпал етеді.
Заң қайда? Заң қашан іске асады? Мұнда бір шикілік бар - деп жазды ол.