Соңғы тәулікте коронавирустың 6 314 жағдайы тіркелді
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 314 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап. Бұған дейінгі тәулікте 6725 адамнан коронавирус анықталса, оның алдында 7 117 адамнан коронавирус анықталған еді.
- "Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 22 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы:
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 6 314 жағдайы тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 743 220 жетті", - делінген хабарламада.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 650,
Алматы қаласында - 1615,
Шымкент қаласында - 147,
Ақмола облысында - 278,
Ақтөбе облысында - 382,
Алматы облысында - 408,
Атырау облысында - 310,
Шығыс Қазақстан облысында - 158,
Жамбыл облысында - 191,
Батыс Қазақстан облысында - 93,
Қарағанды облысында - 913,
Қостанай облысында - 291,
Қызылорда облысында - 124,
Маңғыстау облысында - 219,
Павлодар облысында - 320,
Солтүстік Қазақстан облысында - 159,
Түркістан облысында - 56.
Қазақстанда 5 097 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
Нұр-Сұлтан қаласында - 414,
Алматы қаласында - 1376,
Шымкент қаласында - 167,
Ақмола облысында - 256,
Ақтөбе облысында - 20,
Алматы облысында - 424,
Атырау облысында - 469,
Шығыс Қазақстан облысында - 67,
Жамбыл облысында - 57,
Батыс Қазақстан облысында - 32,
Қарағанды облысында - 1003,
Қостанай облысында - 46,
Қызылорда облысында - 150,
Маңғыстау облысында - 252,
Павлодар облысында - 136,
Солтүстік Қазақстан облысында - 85,
Түркістан облысында - 143.
Елімізде барлығы 615 816 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
2021 жылғы 22 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 369 263 адам, 2-компонентін 5 013 064 адам салдырды.
Сонымен қатар, 2021 жылғы 23 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды:
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы.