«Абай күнін» тойлауға арналған қала көшелерінде сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылды
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында 10 тамыз «Абай күнін» тойлауға арналған қала көшелерінде жастар арасында викториналық сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты Абайдың өмірі мен шығармашылығын келер ұрпаққа қалдырған өсиетін жастардың ой санасына сіңіру. Абай өлеңдерінен, қара сөздерінен нәр жинап, тәлім - тәрбие алуға бағытталады.
Сұрақ -жауап айдарына қатысқан жастарға арнайы Абайдың өлеңдер жинағы, қара сөздер кітабы, қыздарға арналған қазақи әшекейлер табысталды.