Балаларға қол сөмкелеріне сурет салудан мастер-класс ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 1 тамыз күні Шымкент қаласында «Birgemiz: Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобасы аясында «Әлем балалар көзімен» атты психоневрологиялық ауруға шалдыққан және тірек қимылында ақауы бар балаларға қол сөмкелеріне сурет салудан мастер-класс ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты- Мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамнан тыс қалмауына, еңбекке баулуға және тиімді уақыт өткізуіне жағдайлар жасау. Шарада арнайы мамандардың кеңестері тыңдалып, қызықты ойындар ойнады. Шара соңында балаларға арнайы сыйлықтар үлестіріліп, тәттілер таратылды.
https://www.instagram.com/p/CR_zeCoD4fO/?utm_source=ig_web_copy_link