Жылына 5 ай бойы күн көрінбейтін қала
17-08-2020
25 шілдеде Норвегияның оңтүстігіне үлкен метеорит құлады, деп хабарлайды Oinet.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, метеориттің құлау жылдамдығы секундына 15-20 шақырымды құраған. Оның бөлшектері Ослоның батысына қарай 60 шақырымдағы орманға, қорыққа түсуі мүмкін еді.
RG хабарлауынша, Осло тұрғындары көктен құлдилаған от шарын көргендерін айтты. Айнала бірнеше секунд бойына күндізгі жап-жарық болып кеткен.
Ешқандай қиранды мен жарақат алғандар жоқ.
Норвегиялық метеорологиялық желі аспан денесінің қозғалысын бақылап отырғандықтарын айтты. Метеорит алғаш рет Ослоның солтүстігінде, оңтүстік-батысқа қарай заулап бара жатқанда Нордмарк ауылының үстінен байқалыпты. Содан кейін нысан құлаған.
Құлау кезінде көпшілік жер сілкінісі секілді күшті соққыны сезінгендерін айтқан.