Жылына 5 ай бойы күн көрінбейтін қала

Oinet.kz 17-08-2020 1018

Норвегиялық Рьюкан қаласының тұрғындары шынында да қыркүйектен наурызға дейін — 5 ай — күн көзін бір көруге зар болып қалады.  

f4fe4fe15f33073d44630a8bee243f93.jpg

Мәселе адамның физикалық ахуалында ғана емес, моральдік күйінде де — қысқы мерзімде депрессияға шалдыққандардың саны адам нанғысыз мөлшерге артып кетеді.   

Бұның бәріне қаланың сәтсіз — барлық жағынан таулар қоршап, ойпаң жерге орналасып қалғаны кінәлі.

Бірақ 1913 жылы Рьюкан қаласының негізін қалаған Сам Эйде аздап ессіздеу идеяға: таулардың шыңдарына айналарды орнату идеясына бас ұрады.   

Алайда, өткен ғасырдың бас кезінде бұндай істі тындыру оңай шаруа емес еді, сондықтан бұл эксперимент сәтсіздікке ұшырады.  

2005 жылы суретші және түнек қаланың тұрғыны Мартин Андерсеннің арқасында қала басшылығы бұл идеяны тағы да еске алды.

Енді міне, күрделі әдіс-амалдардың және 5 млн норвег кронының (224 250 000 теңге) арқасында 2013 жылы үш айна орнатылды.

Олардан шағылысатын жарық қаланың басты алаңына тураланды. Жергілікті тұрғындардың көңіл күйі мен хал-жағдайы іле-шала жақсарып сала берді.  

Сонымен қатар қалаға туристер де көптеп келе бастады. Олар енді шаңғы мен сноуборд теуіп қана қоймай, айрықша айналарды да көріп тамашалай алады.  


Ұйықтап жатып сөйлеудің себебі неде?
Адамның көбі біле бермейтін 10 ел
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу