Игорь Сон Токио Олимпиадасында қола жүлде иеленді

Oinet.kz 25-07-2021 869

Токио Олимпиадасында  ауыр атлетикадан 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен зілтемірші Игорь Сон қола медаль жеңіп алды.

Screenshot_9.jpg

Қазақстандық спортшы қос сайыс нәтижесінде 294 (131+163) келіне бағындырды.

61 келіге дейінгі салмақтағы бәсекеде алтын жүлде қытайлық Фабин Лиге бұйырса, күміс Индонезия спортшысы Джули Ираван қанжығасында кетті.

Айта кетейік, Игорь Сон сынға түскен салмақта кілең мықтылар бақ сынасты: Джули Ираван (Индонезия), Абдурахим Алсалим (Сауд Арабиясы), Ким Туан Тач (Вьетнам), Шота Мишвелидзе (Грузия), Еичи Итоказу (Жапония), Фабин Ли (Қытай), Чан-Хун Као (Тайбэй), Давиде Рую (Италия).

Түркістан: Мақтаарал, Жетісай аудандарында ағын су мәселесі шешімін табуда
Баландин жеңілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу