Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай спорт түрлерінен спартакиада өтті
Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы «Жастар сарайы» ғимаратында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай I,II топтағы көзі зақымданған спортшылар арасында ашық спартакиада болып өтті.
Аталмыш жарыста қатысушылар арқан тарту, қол күрес, кір тасын көтеру, дойбы және шахмат сынды спорт түрлерінен бақ сынады. Тартысты додаға облыстың аудан, қалаларына командалар қатысып, нәтижесінде Ордабасы ауданы жүлделі 1 орынды қанжығасына байлады.
Спорттық сайыстың 2 орын иегері болып Арыс қаласы танылса, Бәйдібек ауданы 3 орын иеленді.
Ордабасы ауданының спортшылары аталған Спартакиададан басқада жарыстарды тұрақты түрде кәсіби біліктіліктерін көрсетіп келеді.
Жарыстың ұйымдастырушылары Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" мен Зағиптар қоғамының төрайымы Әйтек Зәуренің айтауынша аталмыш дода тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.
Сонымен қатар, Ордабасы ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, Қажымұқан Мұнайтпасұлының туылғанына 150 толуына орай «Аудан әкімінің ауыспалы кубогі» жүлдесі үшін ауыл тұрғындары және мекеме қызметкерлері арасындағы жарыста өз мәресіне жетті.
Тартысты дода нәтижесінде Қажымұқан ауыл округі І-орын иеленіп, аудан әкімінің ауыспалы кубогына қол жеткізді.
ІІ-орынмен Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Ордабасы аудандық БЖСМ-і марапатталса, III-орынды Темірлан командасы иеленді.