Тоқаев белгілі кардиохирургтың отбасына көңіл айтты

Oinet.kz 21-07-2021 730

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі кардиохирург Серік Бекбосыновтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.

Токаев.jpg

- Серік Темірханұлы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында қызмет етіп, жүрек-қан тамырлары хирургиясы саласындағы үздік мамандардың бірі атанды. Жүрекке ота жасаған әлемдегі ең жас кардиохирург ретінде еңбегі жоғары бағаланды. Көптеген адамның өмірін аман алып қалды. Отанымызға адал еңбек етіп, өз ісінің білгір маманы ретінде соңына өшпес із қалдырған Серік Темірханұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды, - делінген жеделхатта.

image.png

Атақты кардиохирург Серік Бекбосынов 20 шілдеде 41 жасында қайтыс болды.

Серік Темірханұлы көз жұмар алдында COVID-19-ға шалдықпаған, бірақ ол 2020 жылы жазда ковид жұқтырып, емделген еді.

Отбасы институтын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу мәселесі талқыланды
«Өлім мен өмірдің арасында арпалысып жатқан адамнан пара сұрайды» - профессор
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу