Азық-түлік бағасының тұрақтылығы басты назарда
ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракция мүшесі Берік Бекжанов, Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек Еңбекші ауданында орналасқан «Айна» базарында болып, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларының жайымен танысып, тұрғындар көп тұтынатын азық-түлік бағаларын осыдан біраз уақыт бұрынғы уақытпен салыстырып, бағаның тұрақталғанына куә болды.
Қазіргі уақытта халықтың әл-аухатын ескере отырып, әлеуметтік тауарлардың соның ішінде күнделікті тұтынатын азық-түлік бағаларының орынсыз қымбаттауына жол бермеу, баға тұрақтылығын ұстап тұру өте маңызды.
Берік Aйдарбекұлы қазіргідей, қауіпті індеттің қарқыны сейілмей тұрған қиын кезде қарапайым тұрғындарға салмақ түспеу үшін бағалардың негізсіз өсуіне жол бермей, бағаларды уақытылы мониторингілеп отыру керектігін атап өтті. Сонымен қатар, базар әкімшілігіне тұтынушылармен жұмыс жүргізу барысында санитарлық нормаларды қатаң сақтау қажеттігіде ескертілді.
«Айна» базарында 950 сауда нүктесі жұмыс жасайды. Базардың басты ерекшеліктерінің бірі сатушылардың 80 пайызы коронавирусқа қарсы екпе салдырған.