​ «Қорқақтар!» - Назарбаев шетелге қашып кеткен оппозиционерлер туралы айтты

Oinet.kz 02-07-2021 4287

Нұрсұлтан Назарбаев шетелде жүріп, Қазақстан билігін сынға алатын оппозиционерлер туралы сұраққа жауап берді. Экс-президент оларды қорқақ деп атап, өзіне тікелей талап қоюды ұсынды.

Елбасы.jpg

- Кем дегенде біреуін (оппозиционер – редакция ескертпесі) атаңызшы, жай көшіп, сол жерде (шетелде – редакция ескертпесі) тұрып жатқан. Жоқ, бәрі қашқын, – дейді экс-президент.

Назарбаев ол адамдарды "көтеріп", "банкирлер, министрлер" қылғанына әлі өкінетінін айтады, ал олар болса ақша ұрлап, қашып кеткен.

- Сатқындар ешқашан жақсы болмайды. Себебі олардың ішінде құрт бар, олар не істегенін, оның дұрыс емес екенін, өз елі мен халқына қарсы сөйлегенін түсінбейді. Ол әрдайым өз елінде, өз халқының арасында дау-дамай болғанын қалайды. Бұл жақсы нәрсе ме?, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының пікірінше, “сатқындар” өздеріне тиесіліні алады.

Бүгін Мұхтар Шахановтың туған күні
«Өте ауыр жағдайдағы науқастар саны артып келеді» - Цой
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу