Шарын шатқалындағы сел: құтқарылған қыз оқиғаның мән-жайын айтты
Шарын шатқалында құтқарылған 11 жастағы оқушы болған оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
ТЖМ қызды құтқару сәтінің видеосын жариялады. Ол қалай жартасқа өрмелеп шығып, көмек күткенін айтып берді.
- Жаңбыр басталғанда бәріміз тасаға жасырындық. Кейін жаңбыр қатты құйды. Біз бір тастан ұстанып тұрдық, ал тас бізді көтермей бөлініп кетті. Қолымды жіберіп, жай жаттым, - деді құтқарылған мектеп оқушысы.
Қыздан "сені ағын су алып кетті ме?" деп сұрағанда:
- Солай сияқты, қалай болғанын білмеймін. Көзімді қатты жұмып алдым. Кейін қолыма ілінген тастың бір жағын ұстап, үстіне көтерілдім. Сол жерден жартасқа өрмелеп шықтым, алдымен қолымнан түк келмеді. Бірақ кейін шықтым - деді қыз.