Танымал режиссер Қазақстанның тұтастығын сақтап, Ресейге бермей отырған Елбасына алғыс білдірді

Oinet.kz 22-05-2021 2373

Отандық танымал шығармашылық топ "Ирина Кайратовна" Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан еліне жасаған ең үлкен жақсылығын айтты. Олар Назарбаевтың Қазақстанның тұтастығын сақтап отырғандарын мойындады деп хабарлайлы Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

Ресейлік Юрий Дудьке берген сұхбатында "Ирина Кайратовнаның" режиссері Қуаныш Бейсеков Қазақстан қиын жағдайда отырғанын мәлімдеді. Қытай мен Ресей секілді алпауыт көршілермен, әлемдік держава АҚШ-пен де тіл табысып, Қазақстанның тәуелсіздгін, шекарасының тұтастығын сақтап отырған Елбасының еңбегі зор екенін айтты:

- Ішкі саясатта Елбасының еңбегі өте зор. Әрине оның ел басқарудағы кемшілігі көп. Бірақ ол елдің тұтастығын сақтап отыр. Жан-жақтан көз тігіп отырған Ресей, Қытай, АҚШ мемлекеттері тұрғанда. Біз ол мемлекеттер үшін "тәтті тоқашпыз". Мысалы Сирия жерінде алпауыт елдер бір-біріне күштерін көрсетіп жатыр. Қазақстан да Қытай мен Ресей, АҚШ елдерінің бір-біріне доқ көрсетіп соғыс жүргізетін алаңы болуы әбден мүмкін. Назарбаев осыған жол бермей отыр, - деді Қуаныш Бейсеков. 

Фархат Әбдірайымовтың жерлеу рәсімі қайда өтетіні белгілі болды
Жанар Айжанова: Үндемей жатқаным - қызым аяғынан тұрып өзіне келсін деп едім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу