Жаңа босанған келіншегіне қарамай қойған Қыран Талапбек қатаң сынға қалды

Oinet.kz 21-05-2021 4817

Күні кеше танымал әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова босанған болатын. Ол ұлына Назар деген есім қойды. Бүгін жас ана мен баланы туған-туыс, дос-жарандары перзентхандан шығарып алды. Арасында бұрынғы күйеуі Қыран Талапбек болмады. Бұны Айжұлдыз түсіндіріп берді. Оның жазуынша, Қыран екеуі ажырасып кеткен. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Қыран Айжұлдыз.jpg

Экс-келіншегі перзентханадан шығып жатқанда Қыран Талапбек Алматыда жора-жолдастарымен сауық құрып жүрді. Бұны желідегі парақшасында жариялап отырды. Қыран Талапбектің бұнысын көпшілік дұрыс қабылдамады. Олар Қыранды келіншегінің қасында болмағаны үшін айыптады. Көпшіліктен айыптауларды естіп шаршаған жас режиссер пост жариялады. Бұл постта ол көпшіліктен біреудің өміріне араласпауды тұспалдап сұрады.

76d70300b55bb021bd8dac06125f01d7.jpg

Бірақ оқырмандар Қыранды жаңа туған ұлына мейірім танытпағаны үшін аяусыз сынға алды. Толассыз сындар ағысына шыдамаған Қыран Талапбек посттың астына пікір жазу мүмкіндігін шектеп тастады. 

Еске сала кетейік, Айжұлдыз Адайбекова мен Қыран Талапбек өткен жылы шаңырақ көтерген болатын. Бірақ дәм-тұздары жараспай ажырасып кетті. Айжұлдыз шаңырақтың шайқалуына - енесі кінәлі екендігін тұспалдап жеткізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Кыран Талапбек (@kyran_talapbek)

Мәди Ахметов: «Дипломмен-ауылға!», «Серпін-2050» қаншалықты қажет?
Жұрт неге мешіт салғыш болып кетті?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу