Лидия Каденова ұлының ажырасу себебі туралы шындықты айтты

Oinet.kz 20-05-2021 1854

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, атақты актриса Лидия Кәденова ұлының сәтсіз некесіне қатысты пікір білдіріп, бірінші әйелімен ажырасу себебін түсіндірді. Бұл туралы ол "Еуразия" бірінші арнасындағы "Ең алғашқы" бағдарламасында айтты. 

Screenshot_4.jpg

"Бірінші келініммен ұлымның отауы жараспады, амал не?! Адам болғаннан кейін өмір жалғасады. Қазір Дидардың сөйлесіп жүрген қызы бар екенін білемін. Мен ол қызды көрдім де. Қазақтың қарапайым қызы екен. Ол да өнер жолында жүр. Бірақ келін ретінде әлі анықтап танысқан жоқпын!", - дейді ол. 

Сүйген жары қайтыс болған соң ешкімнен пана іздеп, көмек сұрамаған актрисаның жалғыз ұлын бір өзі өсіргендігі баршаға аян. 

Бала күнінен сахна сыртында, анасының жұмысы мен мектептің ортасында жүруге мәжбүр болған ұлы өзінің балалық шағын былай еске алды: 

"Мені анам жалғыз өсірді. Сабақ біткенде анам келіп алып кетеді де, бірге жұмысқа барамыз. Мен театрда сахна сыртында оны күтіп жүремін сандалып. Бала күнімде есімде қалғаны – үйдің қасындағы дүкеннен азық-түлікті қарызға жаздырып жейтінбіз. Қанша қиналса да, маған жоқ дегенді сездірмеуге тырысатын. Әлемде еркеліктің қандай түрі болса, мен соның барлығын көрген бақытты баламын. Бірақ өсе келе мен анамды көп ренжіттім. Алдағы уақытта бұл қателіктерімнің орнын толтыруға күш саламын", - деді Дидар Каден.

"Сен үшін жаным құрбан" Төреғали Төреәлі бүркенген келіншегіне сезімін білдірді (видео)
Композитор Ержан Серікбаевтың әруағына құрмет көрсетілді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу