Қылмыс тіркелмейтін ауылдар...
26-01-2024
15 мемлекеттік қызметкер отставкаға кетті. Қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қатысы болғаны үшін 108 мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылды. Оның 15-і отставкаға кеткен, – деп жазады 24.kz.
Қазір жол картасы шеңберінде маңызды жобаларды іске асыру басталды. Оған биыл шамамен 325 млрд теңге бөлу жоспарланған.
Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында қаржылық тәртіп сақтала бермейтіні де айтылды.
Мәселен, былтыр Есеп комитеті құқық қорғау органдарына 72 факті бойынша материал беріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік 28 қылмыстық жағдайды тіркеген. 23 адам жауапқа тартылды. Прокуратура 331 қадағалау актісін енгізді. 493 адам тәртіптік, 540 азамат әкімшілік жауапқа тартылды.