Қазақстанда интернет 10 есеге арзан

Oinet.kz 13-05-2021 791

Қазақстан әлемде интернеті ең арзан елдердің бірі деп танылды. Осы жөніндегі сараптама жасаған Internet Accessibility индексінде  еліміз үздік бестіктен көрінді. 

Screenshot_9.jpg

Дәлірегі Қазақстан әлемде ғаламторы арзан елдердің рейтингісінде бесінші орын алды. Сарапшылардың зерттеуінше, елімізде 1 гигабайт пакет интернеттің құны бар-жоғы  0,9 долларды құрайды. Ал мұндай көлемдегі ғаламтордың бағасы көп елдерде 9-10 долллардан кем емес. Яғни, біздегі баға 10 есеге арзан деген сөз. 

Мәселен, Қазақстанда 15 Гб интернет үшін 13,5 доллар төленеді. Ал ол Германияда — 73,5 доллар,  Жапонияда- 84 доллар, АҚШ-та — 144 доллар, Канадада — 166,5 доллар,  Швейцарияда — 192 доллар тұрады. 

Ал әлемде ең арзан мобильді интернет Үндістанда екен. Сондай-ақ,  ғаламтор Израильде, Ресейде де арзан. 

2021 жылдың 1 сәуіріндегі мәлімет бойынша Қазақстанда интернетке шыға алатын барлығы 16,1 миллион ұялы байланыс абоненті тіркелген. Бір жыл ішінде олардың саны 8 пайызға, ал соңғы бес жылда 45,9 пайызға көбейген. 

2020 жылға мәлімет бойынша 6-74 жас аралығындағы интернет қолданушылардың саны 88,2 пайызға өскен. 

Білім -әлемдік, тәрбие -ұлттық болуы керек (ОҚМПУ)
Дебат - еркін сөйлеу өнері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу