«Мүлдем жаңа, бірегей қала» - Елбасы (видео)

Oinet.kz 12-05-2021 750

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға сапары кезінде түркі әлемінің астанасында көргендерін бағалады.

Түркістан Елбасы.jpg

- Тәуелсіздік жылдары біз тағы бір маңызды нысанды салдық. Бұл Түркістан қаласы. Түркістанның ұзақ тарихында ол бұрын-соңды мұндай жаңғыру көрген емес. Мүлдем жаңа, бірегей қала. Бүкіл архитектурасы түркі және қазіргі заманға негізделген. Бұл тек Қазақстан үшін емес, бүкіл адам үшін ерекше орын болады. "Керуен-сарайдың" өзі, қалған парктер, нысандар неге тұрады. Мен барша түркістандықты, оңтүстікқазақстандықтарды мемлекеттің осы керемет сыйлығымен құттықтаймын. Сіздердің мемлекетке сыйлықтарыңыз - бірлік, ынтымақтастық және отанымыз үшін еңбек ету. Бар жақсылықты тілеймін, - деді Елбасы БАҚ өкілдеріне арналған брифингте.

Elbasy.kz баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, Түркістанда Назарбаев "Алтын Самұрық" театрында болып, "Қыз қуу" атты театрландырылған қойылымды тамашалады. Сонымен қатар, Елбасыға театрландырылған су шоуы көрсетілген.

Артаев құнды заттарын музейге тапсырады
Грузияда түсініксіз жағдайда қаза болған қыздың өліміне қатысты дерек пайда болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу