«Қасым-Жомарт Кемелұлы, не кедергі!?» - Имашев Тоқаевқа үндеу жасады (видео)

Oinet.kz 11-05-2021 4916

Белгілі айтыскер Балғынбек Имашев Мемлекет басшысына үндеу жасады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Тоқаев пен Имашев.jpg

- Құддыс қаласы Ислам дінін ұстанатын мұсылмандар үшін Мекке мен Мединеден кейінгі үшінші қасиетті мекен. Осы шаһардағы Әл-Ақса мешітінен Пайғамбарымыз Миғражға көтерілген. Неше күннен бері Израиль әскері Палестинадағы мұсылмандарға қару қолданып, тарауық намаздарын оқытпай, қиянат жасауда. Бүкіл Мұсылман мемлекеттері үнсіз. Жалғыз Түркия Президенті (оны Алла панасына алсын) Тайып Режеп Ердоған ғана шырылдап, бауырларға қорған болуға шақырып, барша мұсылмандарға үндеу тастауда. Рамзан Қадыров та қалыс қалмай, Құддыстағы мұсылмандарды қолдайтынын білдірді. Уа, Қазақия мұсылмандары! Рамазанның соңғы күндері қатты дұғада болайық! Алланың дұшпандарына Алланың қаһары жаусын! Лағнеті жаусын! Ия, Раббым, Құддыс өлкесіндегі құлдарыңды өзің қорға! Біздің Қазақстан Республикасы зайырлы болғанымен 70% дан артық мұсылмандар тұратын мемлекет емес пе?

Құрметті, Қасымжомарт Кемелұлы! Сіз әлемдегі беделді дипломаттардың бірісіз! Ең болмағанда Сыртқы істер министрлігінің Қарсылық Нотасын жолдап, Палестинадағы бауырларымыз үшін араша сұрауға не кедергі? Ия, біз саны аз, қуаты әлсіз ел шығармыз. Бірақ, біздің Атомнан бас тартқан бейбітшілік сүйгіш ел ретінде өз ұстанымымызды айтуға құқығымыз бар шығар? - деп жазды Балғынбек Имашев.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Құдыс қаласының шығысындағы қасиетті жерде Қадір түнін қарсы алуға жиналған палестиналықтар мен Израиль полициясы арасында қақтығыс басталған болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Балғынбек Имаш (@balgynbek_imash)

Қанат Әлжаппаров не үшін ішетінін түсіндірді
Ерке Есмаханды «өлтірген» кім? - Әнші жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу