Цой салынатын вакцинаның екі дозасы аралығы неге ұзартылғанын түсіндірді

Oinet.kz 06-05-2021 983

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның екі компоненті арасындағы уақыттың неге ұзартылғанын түсіндірді. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Цой.jpg

- Бізге көптеген азаматтар хабарласып, алыс сапарға кетіп бара жатқандықтан 21-ші күні екінші дозаны алып үлгермейтіндерін айтты. Содан бізде вакциналар аралығы қанша уақытқа созылуы мүмкін деген алаңдаушылық туды. Ал вакцинаны жасаушылар бізге 21 күннен 90 күнге дейінгі аралықта бұл мүмкін екені туралы ұсынысты алға тартты. Егер сіз вакцинаны 21-ші күні алғыңыз келсе, тек тұрғылықты жеріңіздегі емханаға немесе бірінші дозасын қабылдаған вакцинация пунктіне 21-ші күні барып, екінші дозаны алу үшін алдын ала өтініш тастап кетсеңіз, оны міндетті түрде ала аласыз, - деп сендірді министр.

Сондай-ақ, ол өтініште нендей жағдайларды көрсету керектігін де айтты.

Өзіңіз келіп, орташа мерзімнен бұрын вакцина алғыңыз келетініңізді айтсаңыз болғаны. Жалпы, біз орташа мерзім ретінде 45-ші күнді белгіледік, бірақ кез-келген уақытта бізге хабарласа аласыздар. Сізге кем дегенде бірнеше күн бұрын ертерек вакцинациялауды қалайтыныңызды ескерту қажет. Жеке бас құжаттары қажет емес. Тек алғашқы вакцинаны алған фактіні айқындайтын ақпаратыңыз болса, болғаны, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Цойдың пікірінше, вакциналау арасындағы аралықты арттыру астарынан қандай бір кілтипанды іздеудің қажеті жоқ.

- Менің ойымша, бұл жерде ешқандай мәселе жоқ. Бізге вакцинаны әзірлеуші Гамалей Ұлттық ғылыми институтынан Александр Гинзбургтен Sputnik V вакцинасының 1 компоненті мен 2 компоненті аралығында екпе салу мерзімі ең төменгі мүмкін 21 күннен 90 күнге дейін арттыруға болады деген хат келді. Сондай-ақ, бұл бірінші және екінші компоненттерді енгізу аралықтарының артуы иммундық жауаптың күшіне әсер етпейтіндігін және кейбір жағдайларда иммундық жауаптың күші мен ұзақтығының жоғарылауына әкелетіндігін көрсетеді, - деді ол.

Министр келіп түскен құжат негізінде тиісті өзгерістер енгізілгенін қоса айтты.

- Бұл жерде біз бірінші компонент арқылы бізге қажет иммунитетті құратын негізгі компонентті енгіземіз. Болашақта оны консолидациялау және оны күшін көбейту үшін әрі вакцина әсерінің ұзақтығын ұзарту үшін екінші компонент енгізіледі. Пандемия кезінде тек Қазақстан ғана емес, қазір Ұлыбритания, Франция, Украина, Чехия, Канадада да мысалы осылай, тек Sputnik-те емес, басқа вакциналарда да осылай қолданып жатыр, яғни бұл елдердің үкіметтері вакциналау дозалары аралығындағы уақытты ұзартты. Бұл - жаһандық тренд, жаһандық тенденция және біз оны қолдаймыз, - деді Денсаулық сақтау министрі екі компонентпен вакцинациялану денсаулық сақтау жүйесінің "алтын стандарты" екенін еске салып.

Цой Қазақстанда вакциналар қоймаларда жеткілікті мөлшерде және кез-келген азаматқа вакцина егуге болады деп сендірді.

30 сәуірде бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің No17 жаңа қаулысы шықты, онда Sputnik V вакцинациясының кестесіне өзгерістер енгізілді. Осы вакцинаның бірінші және екінші компоненттерін енгізу аралығы 45 күн болуы керек. Егер 45-ші күні екінші компонентпен вакцинациялау мүмкін болмаса (демалыс, мереке күндеріне сәйкес келу, басқа елді мекенге кету және т.б.), онад 90 күн ішінде оны ектіруге рұқсат етіледі.

Nur Otan партиясы экс-депутатының мәйіті табылды (видео)
«Барып тұрған өтірік» - экс-министр Елжан Біртанов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу