Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

Oinet.kz 02-05-2021 1010

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Пасха мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Еlbasy.kz сайты хабарлады.

Screenshot_2.jpg

Қымбатты отандастар!

Сіздерді Пасха мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн ­– діни наным-сеніміне қарамастан барша қазақстандықтар үшін маңызды әрі салтанатты мереке. Өйткені тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде еліміздегі ұлттардың басқа да діни мейрамдарын құрметпен атап өту игі дәстүрге айналды.

Біз мәдениетімізді байыту арқылы қоғамымызды адамгершілік пен рухани тұрғыдан нығайтамыз. Елімізде салтанат құрған татулық пен рухани келісім – бәріміздің баға жетпес байлығымыз.

Бүгінде қазақстандықтардың бейбітсүйгіштігі мен толеранттылығы мейірімділік, әділеттілік пен бірлік сияқты құндылықтарды құрметтейтін үйлесімді мемлекет құрудың тірегі болып отыр.

Осы жарқын мерекеде баршаңызға тыныштық, жақсылық пен бақ-береке тілеймін!

Өскеменде 14 жастағы жасөспірім жоғалып кетті
Мақтаарал апатына бір жыл: Болат Назарбаев қоры зардап шеккендерге нендей көмек көрсетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу