Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Түркістан облысында бастауыш партия ұйымдарының есеп беру және сайлау жиналыстары жалғасып жатыр. Бүгін «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалына «Алпамыс батыр» және «Жүзімдік» бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстары өтті. Оған БПҰ-дың партиялық топтарынан ұсынылған делегаттары мен жетекшілері, аудандық филиал тарапынан бекітілген саяси кеңес мүшелері мен аудандық мәслихаттағы фракция мүшелері қатысты.
Аталған бастауыш партия ұйымдарының төрағалары 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы баяндама жасады. Жиналысқа қатысушылар Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партиялық лауазымдарға әйелдерге мүмкіндік беру жайлы тапсырмасын ескере отырып, «Алпамыс батыр» және «Жүзімдік» бастауыш партия ұйымдары төрайымдарын таңдады. Осылайша аудандық мәслихат депутаттар фракция мүшелері Жанар Абдикаримова «Алпамыс батыр» және Ғалия Манахова «Жүзімдік» бастауыш партия ұйымына жетекшілік ететін болды.
Келес ауданындағы «Ұшқын» бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы пандемияға байланысты ZOOM жүйесі арқылы онлайн форматта өтті. Жиналысқа «Nur Otan» партиясы Келес аудандық мәслихаттағы фракция мүшелері Ғ.Мырзабаев, Жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы Т.Полатов, БПҰ-ның партиялық топтарынан ұсынылған делегаттары мен жетекшілері қатысты. «Ұшқын» бастауыш партия ұйымы төрағасы Г.Байдосов 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есеп берді.
Жалпы Түркістан облысында «Nur Otan» партиясына қарасты 244 бастауыш партия ұйымы бар. Өңірде партия қатарына 80 мыңға жуық адам кіріп, елдің дамуына үлес қосып келеді.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі