Қостанай облысында жолда қозғалған мұз жүргізушілерді таңғалдырды

Oinet.kz 19-04-2021 841

Қостанай облысында жүргізушілер жолды жауып қалған мұзды видеоға түсірді. Кадрларда мұз жол бойымен қозғалып барады, деп хабарлайды Аlau.kz сайты.

Мұз.jpg

Видео авторы мұндайды бұрын-соңды көрмегенін айтады.

Қостанай облысы жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Олжас Нұрғалиев 18 сәуірден бастап мұз сеңінің кесірінен жолдар жабылғанын атап өтті.

- Бұл Сарыкөл ауданындағы республикалық маңызы бар жол. Биіктігі 5 метрге дейінгі мұз сеңі шамамен 500 метр жолды жауып тастады. 19 сәуір таңғы сағат 8-дегі жағдай бойынша, 50 метр мұзды алып тастау ғана қалды. Бұл табиғи құбылыс. Мұның бәрі қатты желден болып отыр, - деді Олжас Нұрғалиев.

Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалалар ұмыт қалмауы тиіс
Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа басшысын қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу