Тоқаев Түркіменстан Президентіне көңілайту жеделхатын жолдады

Oinet.kz 19-04-2021 713

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке әкесі Мяликгулы Бердымұхамедовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Токаев и Гурбангулы.jpg

- Әкеңіздің жарқын бейнесі жақындары мен барша отандастарының жүрегінде жақсы адам, дана ұстаз және өмірін Отанына қалтқысыз қызмет етуге арнаған шынайы патриот ретінде мәңгілік сақталады. Орны толмас қайғыны бөлісе отырып, Сізге және барша жақын туыстарыңызға осындай қиын сәтте сабыр  тілеймін – деп жазылған жеделхатта.

Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Ұлы Жібек жолы бойындағы көне қалалар ұмыт қалмауы тиіс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу