Алматылық келіншек он төртінші сәбиін өмірге алып келді (фото)

Oinet.kz 09-04-2021 1487

Алматы облысы Кербұлақ ауданында "батыр ана" он төртінші сәбиін өмірге алып келді деп жазады Айқын газеті. 

14інші бала.jpg

Аудан орталығы Сарыөзек ауылында тұратын Сәдуақасовтар шаңырағында он төртінші бала өмірге келіп, көпбалалы отбасын кезекті қуанышқа бөледі. 

Отау құрғандарына 27 жыл болған Сәрсенбай Садуақасов пен Гүлназ Жеңісбайқызы бүгінле 10 қыз 4 ұл тәрбиелеп, 3 немере сүйіп отыр. Кербұлақ аудандық әкімдігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, берекесі ұйыған отбасындағы мектепте оқитын балалар оқу құралдарымен, спорттық киіммен, мектеп формасымен толық қамтамасыз етілген. 

image.png

Ал үшеуі балабақша жасында. Онлайн оқуларына қажетті ноутбук те мектептен берілгені айтылды. Ал қызы Айжан спорттың ережесіз жекпе-жек түріне қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Отағасы машинист, механик, дәнекерлеуші сияқты кәсіптерді еркін меңгерген.

- Өмірдің мәні де, сәні де – бала. Денсаулығым жетсе, бала туудан қашпаймын. Қазақ "баланы жастан" дегенді бекер айтпаған. Үлкен қызым мұғалім. "Алдыңғы арба қайда барса, соңғы арба сонда жүреді" дейді, сондықтан алдыңғы ұл-қыздарды жақсы тәрбиелесең, соңғылары соларға еліктеп, үлгі етіп өседі екен, – дейді Гүлнәз Жеңісбайқызы. 

Мемлекеттік көші-қон бағдарламасы: Қоныс аударушыларға барлық жағдай жасалған
«Вакцина егуден басқа жол жоқ екенін үнемі айтып келемін» - Тоқаев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу