Цой Тоқаев неліктен «Спутник V» вакцинасын салдырғанын түсіндірді
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан Президенті неліктен "Спутник V" вакцинасын салдырғанын түсіндірді, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.
- "Спутник V" де қазақстандық вакцина, яғни ол Қазақстанда өндірілген. Иә, субстанция Ресейде жасалды және барлық жерде, қораптың сыртында да вакцина Қазақстанда жасалған деп жазылған, - деді ДСМ басшысы.
Телеарна мәліметінше, Алексей Цой қазақстандық препарат QazVac (QazCovid-In) шығуын күтеді.