Кәсіподақ мүшелеріне қаржылай көмек көрсетілді
«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Шымкент филиалының төрағасы Ерқозы Батырбеков қалалық перзентхана, №10 және №13 қалалық емханаларда қызмет ететін тұрмысы төмен 3 қызметкерге 50000 теңгенің қайырымдылық сертификатын табыстады. Қазіргі пандемия, шынында да адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған әлемдік дағдарысқа әкеліп соқтырды. Карантин кезінде кәсіподақтар бір жеңнен қол шығарып, жұмыла жұмыс атқарып та кетті. Қысылтаяң шақта бір-бірімізге жанашырлық таныту, қамқор болу, бірлігімізді сақтау – әрбір азаматтың парызы. Алдағы уақытта қайырымдылық көмек өз жалғасын табатын болады. Қызметкерлер өз тарапынан қашанда еңбек адамының жанынан табылатын кәсіподақ ұйымына алғыстарын жеткізді.