«Бөлшектенген денесін қоқысқа тастаған» - Полиция мәлімдеді

Oinet.kz 26-03-2021 3965

Алматы полиция департаменті Аяжан Еділованың өліміне қатысты бірқатар ақпараттарды жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

пропавшие девушка.jpg

Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов кісі өлтіру жағдайы пәтерде орын алғанын мәлімдеді. 

- 20 наурызда 102 пультіне бойжеткеннің жоғалып кету фактісі туралы хабарлама келіп түсті. Хабарламаны тіркеу 20 наурызда сағат 16.06-да жүргізілді, факт Медеу ауданы полиция басқармасының алдын ала тергеу бойынша біріңғай тізілімінде тіркелді, тергеу басталды. 21 наурызда тергеу тобы құрылып, олар Аяжан Еділованы іздей бастады. Нәтижесінде 21 наурыз күні сағат 22.00-де біз Алатау ауданы, Нуркент ықшамауданындағы мекенжайды анықтадық, онда 1993 жылғы күдікті Н. тұрып жатқаны анықталды. Тұтқындау кезінде пәтердің есіктерінің бірін бұзып кірген полицияны көре салған күдікті өзін-өзі өлтірмек болған. Жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды, ол ауруханаға жатқызылды, күзетшілер орналастырылды, ол қамауда. Қылмыскер бойжеткенді оның жоғалғаны туралы хабар келіп түскенге дейін 19-нан 20 наурызға қараған түні өлтіргенін анықтадық, - дейді Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов. 

- Біз мәйітті бөлшектенген күйінде таптық, күдіктінің айтуынша, ол бойжеткенді өлтіргеннен кейін қылмысын жасыру үшін мәйітті бөлшектеген, кейін денесінің кейбір бөліктерін ауданның сыртына шығарып, қоқыс жәшіктерінің біріне жасырып үлгерген, оның дене бөлшектері табылды, сот-медициналық сараптама тағайындалды, - дейді полиция қызметкері.

Оның айтуынша, қазір бойжеткенді өлтірудің себептері анықталып жатыр. Барлық дәлелдер мен нұсқалар тексеріледі, жедел топ құрған прокуратура да тексеріс жүргізеді. 

«Үлкен тәжірибе болды» - белгілі журналист (видео)
Үкімет ең төменгі жалақыны көтерудің бірнеше нұсқасын қарастыруда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу