Желіде Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген сәтінің суреттері жарияланды

Oinet.kz 08-03-2021

Желіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген сәтінің фотосы пайда болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

оқаев.jpg

Суретті Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

- Біз жыл сайын осы күні адамзатқа әсемдік сыйлайтын әйелдер қауымына ықылас-ілтипатымызды білдіріп, ақ тілек арнауға асығамыз. Сіздердің мемлекет және қоғам өмірінде алатын орындарыңыз айрықша. "Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді" деген нақыл сөз бекер айтылмаған. Қазақстан әйелдерінің ақыл-парасаты, ерік-жігері мен жасампаздығы барлық қиындықты еңсеріп, сын-қатерлерге төтеп беруімізге септігін тигізуде. Баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін, - деп жазылған Президент құттықтауында.

Тазы мен Тоқаев.jpg

Токаев.jpg

Тоқаев қазақстандық аруларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады
Соңғы тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×