Шымкентте базардағы қойма өртенді (видео)

Oinet.kz 02-03-2021

Шымкентте көліктің қосалқы бөлшектерін сататын базардың қоймасы өртенді. Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама кезекші бөлімге 1 наурыз күні түнгі сағат 22:52-де түскен.

Өрт.jpg

- «Абай ауданы Темірлан тас жолы №26. «Тұлпар-Шымкент» ЖШС-нің автобөлшектер сататын базарының аумағы өртенді. Қойманың 200 шаршы метр аумағы отқа оранды. Автобөлшектер мен аксесуарлар жанды. Өрт сағат 00:03-те оқшауланды. Сағат 01:23-те толық сөндірілді» - делінген ресми хабарламада.

Өрттен зардап шеккендер жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Шөкеев Түркістан облысында газ бар үйлердің бәрін тексеруді тапсырды (видео)
Қырғызстан Президенті Қазақстанға ұшып келді (фото)


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×