Илья Ильин қос азаматтығы бар шенеунікті қолдады

Oinet.kz 24-02-2021 863

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Шымкент қаласының спорт басқармасы басшысы Олег Почиваловқа қолдау көрсетті,  деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Ильин мен Почивалов.jpg

Ильин шенеуніктің қос азаматтығына қатысты Instagram-парқшасында пікір білдірді. Ол Қазақстанда білікті спорт жетекшілері көп емесін айтып, Почиваловқа мүмкіндік беру керек деп жазды.

- Мен Олег Почиваловты құрметтеймін. Егер қос азаматтықты елден кету үшін алса, онда ол Қазақстанда тұрып, жұмыс істемей-ақ, ол елге баяғыда кетіп қалар еді. Елімізде білікті спорт кадрларын сақтауға тырысуымыз қажет. Өйткені ондай адамдар саусақпен санарлық. Егер Ресей Федерациясының азаматтығы болмаса, онда Олег Почиваловқа аймақтағы спортты дамытуға мүмкіндік беру керек, - деп жазды Ильин.

«Кінәлі шенеуніктерге қатаң шара қолдануыңызды сұраймын» - белгілі депутат Маминге
Дінмұхамед Қонаевтың сирек кездесетін видеосы жарияланды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу