Коммуналдық қызметтердің бағасы бір жыл ішінде қалай өзгерді?

Oinet.kz 23-02-2021

Биылғы қаңтар айында тұрғын үй қызметтері, су, электр қуаты, газ тарифтері өткен жылмен салыстырғанда 3,8%, ал бір айда 0,6% қымбаттады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

12872458.jpg

Оның ішінде қоқыс жинау бағасы бір жылда бірден 19,1%, тұрғын жайларды қарау және жөндеу бойынша қызметтер 6,3%, электрэнергиясы 5,2%  дейін қымбаттады. Керісінше, кәріз және орталықтандырылған жылыту қызметтері сәйкесінше 1% және 2% арзандады. Еліміздің қалаларында биылғы қаңтарда қоқыс жинау қызметінің орташа тарифі бір адамға 264 теңгені құрады, бір жыл бұрын 173,3 теңге болған. Ыстық су тарифі бір жыл ішінде 15,5% өсіп, 1 текше метр үшін 267,6 теңгені, ал суық су 3% қымбаттап, 70,4 теңгені құрады. Табиғи газ бағасы 33,5% көтеріліп, текше метріне 25 теңгені құрады, сұйытылған газ 5,3% дейін қымбаттады.

Өткен тәулікте 994 адам коронавирустан емделіп шықты
Қазақстанда ауа райына байланысты жолдар жабылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×