Қазақстанда шегірткемен күреске бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді
Шегірткемен күрес үшін биыл 2 млрд қаржы бөлінді. Барлық болжанып отырған аумақтар үшін пестицидтер мен химиялық өңдеу қызметтерін сатып алуға жеткілікті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта Агроөнеркәсіп кешені мемлекеттік инспекциясы комитеті зиянкестердің таралу ошақтарын анықтау және химиялық өңдеу жүргізу жұмыстарын уақтылы бастау үшін дайындық іс-шараларын аяқтауда.