Ең жас депутат Асқар Маминге маңызды талап қойды
Мәжілістегі ең жас депутат Мәди Ахметов үкімет басшысы Асқар Маминге өз сауалын жолдады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Ең жас депуат ЖОО-дағы инфрақұрылымды жаңарту керегін айтты. Оның айтуынша, студенттердің тұруына қолайлы жағдай жасап, олардың бірінші қажеттіліктерін қамтамасыз етпей жатып, білім сапасын арттыру мүмкін емес. Депутат жатақхана құрылысына байланысты ақпараттар бір-біріне сәйкес келмейтінін аңғарған. Ахметов әлеуметтік бастаманы жүзеге асырудың нақты бірыңғай жоспары жоқ деп отыр. Сол себепті аталған жұмыстың баяу жүруіне үкімет басшысының назарын аудару үшін ол бірқатар ұсыныс айтты. ⠀
- Қазіргі таңда 129 жоғары оқу орны мен 795 кәсіптік білім беру мекемесінде 1,1 млн-ға жуық студент білім алуда. Олардың 175 мыңы (16% пайыз) ғана жатақханамен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, елімізде 80 мыңнан астам студентке жатақхана жетіспейді. 1.Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Қаржы орталығының" инвесторларға ұсынып отырған шарттарын қайта қарастыруы маңызды. 2.Жатақханаларды салудағы барлық жауапты мемлекеттік органдардың жұмысын жүйелендіріп, ортақ үйлестіру мәселесін тез арада шешу қажет. 3."Госэкспертиза" мекемесіне "Бес әлеуметтік бастама" аясында салынатын жатақхана құрылысының жобасын қарастыру мерзімін қысқартуды ұсынамыз. 4. Келісімшарттарды жасауда, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы бюрократиялық процедураларды жеңілдету жолдарын қарастыру өзекті. 5. Мемлекеттік білім беру грантын орналастыру барысында жоғары оқу орындары мен колледждерге студенттік жатақхананың міндетті болуы жөніндегі қойылатын лицензиялық талаптарды енгізу қажет. 6.Жатақханаларды салатын мердігер компанияларға әр студент үшін жатақханадағы орнына төленетін айлық төлемақысының құнын өсірмеуді келісімшартта көрсету маңызды деп ойлаймыз. Нақты шаралар қолданбай, дәл осы қалпында қала беретін болса, тапсырманың орындалмай қалу қаупі өте жоғары. Осы мәселелерді қарап, нақты шешімдер қабылдап, нәтижесін заңда көрсетілген мерзімде хабарлауыңызды сұраймыз, - деді Мәди Ахметов. ⠀