«Өз өзіме шектеу қоятынымды білдім» - Ринат Зайытов (видео)
Белгілі айтыскер-ақын Ринат Зайытов әзірге билікке қарсы сын айту ойында жоқ екенін жеткізді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты.
- Айтпайды. Әзірге. Қызметтік этика деген бар. Ол автоматты түрде келетін компромис. Мен қызметке барамын деп келісім беретін кезде олар маған айтпайсың деген жоқ. Бірақ, мен өзіме өзім шектеу қоятынымды іштей білдім. Енді сен жынды емессің ғой. Өзің сол саланың ішінде жүргенде әрине мен қашпаймын жалпыұлттық мәселелер болады, мемлекеттік мәселелер болады, барлығы атсалысу керек қоғамда. Ол кезде ойды ашық білдіруге ешкім тоқтау салған жоқ Қазақстанда. Бірақ, бұрынғыдай отырып алып күні кешке дейін ұра бере алмаймын. Өкінішке орай. Өйткені оған біріншіден уақытым да жоқ. Екіншіден, менің түсінігімде ұятсыздау болады - дейді Ринат Зайытов.
Еске сала кетейік, Ринат Зайытов "Алатау" дәстүрлі өнер театры коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры болып тағайындалған болатын.