Бүгін Мұхтар Әлиевтің туған күні

Oinet.kz 02-02-2021 1425

88 жыл бұрын (1933-2015) әйгілі қазақ хирургі Мұхтар Әлиұлы Әлиев дүниеге келген. Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданының Төменарық стансасында туған.

Мұхтар Әлиев.jpg

Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген (1957), емдеуші-дәрігер. Медицина ғылымдарының кандидаты (1966), докторы (1974). Профессор (1976 жылдан). ҚазКСР ҒА (1988), Халықаралық шығармашылық академиясының (1992), Халықаралық ақпараттандыру академиясының (1995), Нью-Йорк ғылым академиясының (1996), ГФР Медициналық білім беру академиясының (1996) академигі. 

ҚР хирургтері ғылыми мектебінің жетекшісі. 800 ғылыми еңбектің авторы, соның ішінде 58 монография, ғылыми-танымдық және оқу кітапшалары бар. ҚР мен КСРО патенттері мен алдын ала патенттерінің 151 өнер табысы авторлық куәлігіне иегер. 30 ғылыми еңбектер жинағының бас редакторы. 

1950 жылдан – Шымкент облысы Тимур ауылы 7 жылдық мектебінің оқытушысы. 

1951 жылдан – Алматы мемлекеттік медицина институтының студенті. 

1957 жылдан – Шымкент облысы «Тимур» кеңшарында учаскелік аурухана хирургі және бас дәрігері. 

1958 жылдан – Алматы мемлекеттік медицина институтында клиникалық ординатор. 

1960 жылдан – Республикалық кпиникалық ауруханасының хирург-дәрігері. 

1961 жылдан – Онкология және радиология ҚазҒЗИ кіші ғылыми қызметкері. 

1963 жылдан – Алматы екінші қалалық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі; Алматы мемлекеттік медицина институтының аспиранты. 

1969 жылдан – Алматы дәрігерлердің білімін жетілдіру институты кафедрасының меңгерушісі, доцент. 

1976 жылдан 1980 жылдар аралығында – Алматы мемлекеттік медицина институты хирургия кафедрасының меңгерушісі. 

1978 жылдан 1982 жылға дейін – ҚазКСР Денсаулық сақтау министрлігінің бас хирургі. 

1980 жылдан 1985 жылға дейін Ә.Н. Сызғанов атындағы Клиникалық және эксперименталды ҚазҒЗИ директоры. 

1982 жылдан 1987 жылға дейін – ҚазКСР денсаулық сақтау министрі. 

1997 жылдан – Ә.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының директоры. 

2001 жылдан бері – Ә.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығының құрметті директоры. 11-ші, 12-ші шақырылған ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1983, 1985). 

«КСРО-Франция» Достық қоғамдастығы Қазақ бөлімінің төрағасы (1978). Бүкіл одақтық хирургтер қоғамының басқарма мүшесі (1978-1982). 

ҚазКСР ҒА төралқасының мүшесі (1988, 1989). Халықаралық гастроинтестианалды хирургтер клубының (1996), Н.И. Пирогов атындағы хирургтер ассоциациясының (1996) мүшесі. ПБИТС-мен күресу және алдын алу республикалық қоғамдық комитеттің құрметті терағасы, ұйымдастырушысы (1989). «Қазақстан хирургиясы» (1995), «Клиницист» (1995), «Қазақстан медицина журналы» (1998). ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1988), ҚР Мемлекеттік сыйлығының (1999), «Мамандық-Өмір» Халықаралық сыйлықтың (2004), «Платина Тарлан» сыйлықтарының лауреаты (2005). «Абылай хан» алтын медалімен (1998), «XXI ғасырдың 500 негізін салушылар» (Кембридж, Англия, 2001), «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін», «Астана» (1998), «XXI ғасырдың 2000 көрнекті интеллектуалдары» медальдарымен; «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» белгісімен (2001) марапатталған. «Стратегиялық менеджмент үшін» алтын медалі мен лауреат атағын алған (Франция, 2002). Алтын жұлдыз – айрықша белгісінің табыс етілуімен «Халық Қаһарманы» (1995), «Жыл адамы» (2001), «Әлемнің көрнекті интеллектуалдары», «Медицина облысында көрнекті кәсіби жетістіктері», «Әлем азаматы», «Әлем елшісі», «Көрнекті көшбасшы» (2003) атақтарына ие. Хирургияны дамытудағы көрнекті үлесі үшін құрметті халықаралық дипломның дипломанты (2002). Балтимор қаласының Құрметті азаматы және Кентукки штатының Құрметті полковнигі, АҚШ (1988).

Бүгін Мұхтар Мағауиннің туған күні
«Мас депутат» - «Ақ жол» комиссиясы шешім шығарды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу