Мемлекет басшысы Аймағамбетовтың саласына сын айтты
Мемлекет басшысы Тоқаев қазақстандық мектеп кітаптарының сапасы нашар екенін жеткізді. Тоқаев тарих бойынша бірыңғай мектеп оқулықтарын енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- Кітаптардың сапасы бойынша сұрақ көп. Бүгінде мектептерде еліміздің және әлемнің тарих оқулықтары қолданылады, онда көптеген сәйкессіздікті көруге болады. Кей кітапты оқып көрдім және олардың сапасына таңғалдым, - деді Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи жағдайлар мен деректер оқушыларға бұрмаланбай жеткізілуі керегін айтты.
- Сондықтан Қазақстан тарихы мен дүние жүзі тарихы бойынша бірыңғай мектеп оқулықтарын әзірлеп, енгізуді тапсырамын, - деді Президент.
Еске сала кетейік, мектеп оқулықтарына қатысты жауапкершілік Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың мойнында. Министр мектеп оқулықтарының сапалы болуына жауап береді.