Орынбордағы Ахмет Байтұрсынұлының үйі сатылғалы жатыр (фото)

Oinet.kz 26-01-2021 1410

Ресей мемлекетіндегі, Орынбор қаласында салынған қазақтың зиялысы, Ахмет Байтырсынұлының үйі сатылғалы жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы Жарқын Өтешова есімді Facebook қолданушысы дабыл қақты. 

Ахмет Байтұрсынұлы үйі.jpg

- Бәріңе; бәріңе; бәріңе! бүкіл қазақ баласына!

Орынбордағы Ахмет Байтұрсынұлы үйі сатылғалы жатыр. Бұл үйді , қорғап қалу керек. Тарихымыздың басы, Алаштың алты баласы жиналған үйді , Қазақстан сатып алып музейге айналдыруы керек.Көмек күтеміз!

Барлық  үн  қосқан  бауырларға  рақмет!

Бұл үй екі бөлімнен тұрады. Бірі екі қабатты үй. Бірі шағын шаруашылық үйі, флигель. Үй бұрын тарихи ескерткіш ретінде мемлекет қарамағында болған. Үйдің сыртында ескерткіш тақтада тұр. Орынбордағы қазақ қоғамдарының бұл үйді музей ретінде жабдықтауына немесе қазақ қоғамдары үшін ортақ орталық жасауға  сұрағандарына, рұқсат берілмеген. Мен өзім, бұл жерде 2017 жылы болдым, үй жабық болды. Біз ішін көре алмадық. Соңғы жылдары белгісіз жағдайлармен жекешеленіп кеткен. Қазіргі мәлімет бойынша, екі қабатты үй қонақ үйі ретінде пайдаланылады, ал флигельде қожайыны тұрады.  Бүгінгі күні, қазақ халқының шет елдегі тарихи мұраларын қорғау, шет елдегі қандастарымыздың тілін және әдет-ғұрпын сақтау туралы баспасөз бетінде осы мәселелерді көтеру барысында, ДҚҚ (Дүние жүзі қазақтар қауымдастығы) қандай  жұмыстар жасайды деген сұрақ төңірегінде әңгіме қозғай отырып, Орынбордағы Байтұрсынұлы үйінің сатылуы жайлы хабарландыруды оқып отырмыз. Бұл хабарландыруда тап қазір флигельдің саудаға түскенін білдік. Олай болса , Орынбордағы тарихи үйімізге осылай бөлшектелініп сатылып кету қаупі тұр. Бұл үйді , баяғыдан, мұражай ету, ДҚҚ -ның мндеті емес пе?Саналы қазақ қауымын қазақ халқының сырттағы ескерткіштерін қорғауға шақырамын. Тез арада бұл істі қолға алмасақ , кеш болады.Хабарландыру ілулі тұр. Дабыл қағамыз; Ағайын! Дабыл қағамыз!

Сонымен қатар, менің  өздеріңізге таныс "Айтарым бар", "Айтарым бар-2" мақалаларымда  Мәскеу қаласындағы Донской  қабірінде  жатқан қазақтың аяулы ұлдарының ескерткіш тақталарының әлі күнге жерде жатуы жайлы айтылған. Және де Германия мемлекетіндегі Берлин қаласындағы Мұстафа Шоқай мүрдесінің тастары сынып, топырағы көрініп жатқандығы да жазылған. Жалпы, шет елдегі барлық қазақ халқының асылдарына арналған ескерткіштерді қорауға алып, заңдастыру керек! - дейді Facebook қолданушысы. 

Ресей президенті «Путин сарайы» фильміне қатысты пікір білдірді (видео)
«Мәжбүрлі түрде салмайды» - Асхат Садырбай вакцинация туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу