«Мәжбүрлі түрде салмайды» - Асхат Садырбай вакцинация туралы

Oinet.kz 26-01-2021 996

Отандық белгілі журналист Асхат Садырбай коронавирусқа қарсы салынатын вакцинация туралы мәліметтермен бөлісті. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Асхат Садырбай.jpg

- 1-ақпаннан басталатын вакцинация жайлы! ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 77-бабының 18-пунктіне сәйкес вакцинация ерікті түрде жүргізіледі, яғни азаматтар екпе алуға өз еркімен келісім беруі тиіс.  Вакцина салғызатын адам немесе оның заңды өкілі екпе салғызудан бас тартуға құқылы. Бұл ретте Қазақстанда екпе алудан бас тартқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы қарастырылмаған. Вакцина балаларға салынбайды. Екпе тек 18-60 жас аралығындағы адамдарға ғана арналған!

Ешкім ешкімге мәжбүрлі түрде Covid-ке қарсы екпені салмайды. Егер мұндай жағдайдың куәсі болсаңыз құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар! - дейді Асхат Садырбай.

Орынбордағы Ахмет Байтұрсынұлының үйі сатылғалы жатыр (фото)
«Қазақстан Ресейдің сыйлығы» - деген депутат қазақтарға алғысын білдірді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу