Мемлекет басшысы жаңа заңға қол қойды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Су кодексіне түзетулер енгізілген заң жобасына қол қойды, деп хабарлайды Oinet.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.