Мәди Ахметов Елбасына не үшін ескерткіш қою керек екенін түсіндірді

Oinet.kz 18-01-2021 3079

Мәжілістің ең жас депутаты Мәди Ахметов "Азат алаң" бағдарламасына берген сұхбатында Қазақстанның тұңғыш Президенті Назарбаевқа ескерткіш қоюға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Мәди Ахметов Назарбаев.jpg

Кезінде Мәди Ахметов депутат болмай тұрып Елбасына ескерткіш қоюды ұсынған болатын. Бұл ұсыныс әлі актуалды ма?

- Өз өмірінің тең жартысын (Назарбаев - автор) мемлекеттің қалыптасуына арнаған, жалпы Қазақстан үшін Астанамызды салып, Түркістан қаласын жаңғыртып, шекарамызды шегендеп, тіл мәртебесін көтерген, Семей полигонын жапқан. Сіз оны тарих беттерінен сызып тастай алмайсыз. Сондықтан да ол кісінің жасаған еңбегін мойындап үлгі алуға болады. Бұл ұсыныс тек қана менің емес, Алматы қаласының жасотандықтарының да ұсынысы. Ой менікі болғанымен, жасотандықтармен бірлесе отырып келістік. Қазір әртүрлі БАҚ болсын, әлеуметтік желідегі белсенділер болсын, олар сөзімді өздеріне керек форматта бұрмалап алып жатыр. Мен ойлаймын, бұл бүйректен сирақ шығаратын нәрсе емес. Бұл әлемдік тренд. Американы, Түркияны алып қарасаңыз да, Сингапурды алып қарасаңыз да, мемлекеттің қалыптасуына үлесін қосқан азаматтарға мұндай құрмет көрсетудің артықшылығы жоқ, - деді Мәди Ахметов.    

Мәскеуге келген Навальный әуежайда тұтқындалды (видео)
Қылмыс әлемінің серкесі 19 жылға сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу